Общество

Түркістан облысында жүргізуші қарсы жолаққа шыққаны үшін алты айға құқығынан айырылды

Түркістан облысында полицейлер дронның көмегімен Audi A6 көлігінің жүргізушісі жолдың тұтас сызығын кесіп өтіп, қарсы бағыттағы жолаққа шыққанын анықтады. Бұл оқиға Төлеби ауданында тіркелді. Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен жүргізуші алты ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Төлеби ауданында дрон көмегімен рейд өтті

Төлеби ауданында әуе бақылауы арқылы ұйымдастырылған рейдтік-профилактикалық іс-шаралар кезінде 80-нен астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Дрон көмегімен тіркелген заңбұзушылықтарға қарсы бағыттағы жолаққа шығу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, қауіпсіздік белдігін тақпау, белгіленген жылдамдықты арттыру секілді әрекеттер жатады.

Барлық факті бойынша шаралар қабылданды

Әрбір анықталған заңбұзушылық бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе қарсы бағыттағы жолаққа шығу сияқты қауіпті қадамдарға жол бермеуге шақырады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button