Общество
Павлодарлық ТЖМ қызметкері Айда Аблаева ММА-дан Қазақстан чемпионы атанды
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкері және «Batyr Team» клубының мүшесі Айда Аблаева Астанада өткен Қазақстан чемпионатында ММА-дан алтын медаль жеңіп алды.
Айда Аблаева 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Traditional бөлімі бойынша сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Осылайша, ол өзінің жоғары шеберлігін тағы бір мәрте көрсетті.
Енді спортшы 1-7 қараша аралығында Грузияның Тбилиси қаласында өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды. Бұл жарыста Айда Аблаева 18-20 жас санатында 52,2 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның намысын қорғамақ.
Дереккөз: gov.kz



