Общество

Париж келісімінің 6-бабын жүзеге асыруға арналған жұмыс кеңесі өтті

Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрі Әлихан Қуантыровтың төрағалығымен Париж келісімінің 6-бабын жүзеге асыру және климат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған жұмыс кеңесі өтті.

Жиынға Президенттің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ренат Баталов, сондай-ақ «SAFC» ЖШС, SEFE, TotalEnergies, ТШО, NCOC, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және «ҚМГ» ҰК» АҚ өкілдері қатысты. Кеңес барысында нормативтік мәселелер, климаттық жобаларды іске асыру жолдары және халықаралық инвестиция тарту мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесуде халықаралық серіктестермен өзара әрекеттестікті жетілдіру, көміртек нарығының халықаралық құралдарын қолдану және бірлескен бастамаларға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Перспективалы бағыттар қатарында метан шығарындыларын азайту, ормандарды қалпына келтіру және парниктік газдардың шығарындыларын төмендету бойынша жобалар қарастырылды.

Кеңес қорытындысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның COP31 конференциясына арналған климаттық бастамаларын әзірлеу жөніндегі келесі қадамдар айқындалды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button