Шымкентте медиаторларға арналған семинар-тренинг 5-9 қазан аралығында өтеді
Шымкентте медиация саласының мамандарын даярлауға және олардың кәсіби білімін жетілдіруге арналған семинар-тренинг басталды. Оқу 5-9 қазан аралығында өтеді. Оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.
Іс-шараға этносаралық қатынастар саласының мамандары мен тәжірибелі медиаторлар қатысып жатыр. Оқу барысында олар жанжалды жағдайлардың алдын алудың және оларды реттеудің заманауи тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар медиация тетіктерін қолдану және халықтың әртүрлі топтарымен жұмыс істеу бойынша білімдерін жетілдіреді.
Семинар жанжалдың алдын алумен және оны реттеумен айналысатын мамандардың кәсіби даярлығын арттыруды көздейді. Сондай-ақ медиация тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дереккөз: gov.kz



