Creative Aimaq: Астанада Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтті
Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында «Creative Aimaq» жобасы шеңберінде Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Екі күн ішінде көрмені 2 мыңға жуық адам тамашалады.
Creative Aimaq: жәрмеңкеде ұсынылған негізгі өнімдер
Көрмеге түрлі материалдан жасалған және ұлттық нақыштағы бұйымдар қойылды. Экспозицияда келесі тауарлар ұсынылды:
- зергерлік бұйымдар;
- ағаш пен былғарыдан жасалған өнімдер;
- ұлттық тоқыма және қазақы сән үлгілері;
- ұлттық киімдер мен аксессуарлар;
- сырмақ, сөмке, әмиян, белдік және кәдесыйлар;
- сәндік паннолар және бейнелеу өнері туындылары.
Экспозицияның жекелеген бөлімдері Жамбыл Жабайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналып ұйымдастырылды.
Creative Aimaq: жоба мақсаты мен сегіз өңір нәтижелері
«Creative Aimaq» жобасының негізгі мақсаты — өңірлік креаторларға өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға, жаңа тұтынушылар табуға және отандық креативті өнімдердің нарығын кеңейтуді қамтамасыз ету. Жоба қатысушылары өз туындыларын көрсетуге мүмкіндік алды.
Жобаның алғашқы сегіз өңірдегі нәтижелері бұл форматтың тиімді екенін дәлелдеді: креаторлар жаңа тұтынушылар мен серіктестер тауып, өнімдерін өңірлік нарықтан тыс аймақтарға шығаруға жол ашты.
Дереккөз: gov.kz



