Политика
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім барысында Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Шавкат Мирзиёев екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бауырлас халықтар арасындағы тарихи достық байланыстардың стратегиялық әріптестік пен одақтастықты бекемдеуге негіз болатынын ерекше атап көрсетті.
Кездесу барысында тараптар саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға келісім білдіріп, өзара мүдделілікті растады.
Дереккөз: gov.kz



