Общество

Астанада Qazaq Creative Hub: «Алтын Орданың мұрасы» жәрмеңкесі — 60 креатор қатысып жатыр

Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасының аясында Ұлытау облысының «Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкесі өз жұмысын бастады, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұлытау — қазақ мемлекеттілігінің алтын қазығы, ұлт тарихының тамыры тереңде жатқан қасиетті өлке. Осы киелі мекеннің тарихи-мәдени байлығы қазіргі креативті индустриялар арқылы жаңа мазмұнда ұсынылуда.

Елордаға өңірдің шығармашылық әлеуетін таныстыру үшін 60 креатор арнайы келді. Екі күн бойы келушілер авторлық зергерлік бұйымдармен, ұлттық қолөнер туындыларымен, кескіндеме жұмыстарымен, құрақ өнерімен және Ethno Fashion топтамаларымен танысып, бірегей өнімдерді тікелей шеберлерден сатып ала алады.

Сонымен қатар шара аясында былғары өңдеу, ағаш ою, ұсталық, зергерлік және ұлттық музыкалық аспап жасау өнері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Другие новости

Back to top button