Общество

Ұлы Дала мен Төле би қиылысында қозғалыс жабылады: балама жолдар ұсынылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Төле би көшесін салу» жобасы шеңберінде жол жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ағымдағы жылдың 16 шілдесінен 20 тамызына дейін Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында автокөліктер қозғалысы толығымен жабылатын болады. Жүргізушілерге мынадай балама бағыттар ұсынылды: Тұран даңғылынан Е 54 көшесі арқылы Төле би көшесіне дейін не болмаса Ұлы Дала даңғылынан жергілікті өткел арқылы Төле би көшесіне дейін жүруге болады.

Жол қызметі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Другие новости

Back to top button