Астана полициясы ата-аналарды терезе қауіпінен сақтандырды

Жыл сайын ауа-райы жылынған сайын балалардың биіктен құлап жарақат алу қаупі өседі. Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, елорда полициясы ата-аналарды үй терезелерінің қауіпсіздігін алдын ала қамтамасыз етуге және балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмауға шақырады.
Полиция мамандары бірқатар міндетті сақтық шараларын атап өтті: бала үйде жүргенде терезені ашық қалдырмау; москит торына сену қауіпті, өйткені ол баланың салмағын көтере алмайды; терезелерге арнайы бекіткіштер мен бұғаттағыштар орнату; жиһазды терезеден алыс қою; балаларға ашық терезе жанындағы ойынның қаупін үнемі түсіндіру. Сарапшылардың атап өтуінше, мұндай оқиғалардың басым бөлігі ересектердің немқұрайлылығынан туындайды.
Алдын алу жұмыстары шеңберінде елорда полицейлері мемлекеттік органдармен бірлесіп, аулалар мен қоғамдық орындарда түсіндіру кездесулерін өткізуде. Учаскелік инспекторлар тұрақты түрде көпқабатты үйлердің, ата-аналардың және мектептердің чаттарына ескертулер жолдайды, ал еске салу хабарламалары кіреберістерде, емханаларда, мектептерде және балалар мекемелерінде орналастырылады. Полиция балалар қауіпсіздігінің ең алдымен ересектердің жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін баса айтады.



