Общество
Астананың 110 мыңнан астам зейнеткеріне Қарттар күніне 2,5 АЕК көлемінде біржолғы төлем
Астанада 1 қазанда Қарттар күніне орай елордалық зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Төлем 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл шара Астана қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санатын айқындау қағидаларына сәйкес іске асырылады. Құжат бойынша төлем елордада тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге және зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын азаматтарға беріледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұсынған тізімге сәйкес әлеуметтік қолдау 110 мыңнан астам зейнеткерді қамтиды.
Дереккөз: gov.kz



