Саясат
Түркі академиясының Президенті ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті
Астанада 2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Түркі академиясының Президенті Ш.Мұстафаевпен кездесті. Жиында Қазақстан мен Түркі академиясының қарым-қатынасы және оны әрі қарай дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.
А.Исағалиев Түркі академиясының түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми және академиялық байланысты нығайтудағы рөлі зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Академияның жұмысын қолдауға мүдделі.
Кездесуде тараптар түркі әлемінің ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және ғалымдар қауымдастықтары арасындағы өзара байланысты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Дереккөз: gov.kz



