Басты жаңалықтар

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 10-11 қазанда: 600 тоннадан астам өнім

Астанада 10-11 қазан күндері Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. Екі өңірдің шаруалары мен тауар өндірушілері астаналықтарға 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін ұсынады.

Сауда сөрелерінде ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, балық, жұмыртқа, бал мен кептірілген жемістер болады. Тұрғындар өнімді делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады.

Түркістан облысы жәрмеңкеге 60 тонна ет және ет өнімдерін, 260 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 60 тоннадан астам сүт өнімдерін, сондай-ақ бал, кептірілген жемістер мен басқа да тауарларды жеткізеді. Батыс Қазақстан облысы 50 тоннаға жуық ет өнімдерін, 80 мың дана жұмыртқа, 11 тонна балық өнімдерін және өзге де ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынады.

Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ол «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойында өтеді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button