«Музыка тілінде» концерті «Қазақконцерт» сахнасында өтті: джаз, танго және қазақ әндері
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Музыка тілінде» концерті өтті. Кеште Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің үрмелі аспаптар ансамблі өнер көрсетті.
Концерт бағдарламасына ұлттық музыка мен әлемдік классикамен қатар, джаз және танго жанрындағы туындылар енді. Атап айтқанда, Клод Боллингтің флейта мен джаз фортепиано триосына арналған сюитасы және Ришар Гальяноның «Клодқа арналған танго» шығармасы орындалды.
Кештің басты ерекшелігі — қазақтың халық әндері алғаш рет ағаш үрмелі аспаптар квинтетіне лайықталып, тыңдарманға жаңаша әуенмен жол тартты. Осылайша «Музыка тілінде» кешінде қазақ әндері заманауи сипатта берілді, ұлттық музыка әлемдік классикамен, джаз бен танго жанрларымен үйлесім тапты.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дереккөз: gov.kz



