Басты жаңалықтар

Астанада кредиттік тұрғын үй: кезекте тұрғандарға 562 пәтер беріледі

Астанада кезекте тұрғандарға арналған кредиттік тұрғын үйге өтінім қабылдау жуырда басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап хабарлады. Жұмыс 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізіледі.

Жалпы 562 пәтер бөлінеді. Олар А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерде орналасқан. Пәтерлер бөлмесінің санына қарай бөлінген:

  • 1 бөлмелі – 166 пәтер;
  • 2 бөлмелі – 276 пәтер;
  • 3 бөлмелі – 80 пәтер;
  • 4 бөлмелі – 40 пәтер.

Пәтерлер таза әрлеумен сатылады. Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге. Сыйақы мөлшерлемесі – 5% (ГЭСВ – 5,2%-дан 5,8%-ға дейін), алғашқы жарна – кемінде 10%. Өтінімдер Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button