Қоғам
С. Нұрмағамбетов көшесі Астанада 15-17 қыркүйек аралы ішінара жабылады
Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлауынша, Астанада С. Нұрмағамбетов көшесінің Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі бөлігі 15–17 қыркүйек аралы орташа жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады.
Аталған кезеңде көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілерден және жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жолдағы өзгерістерді ескерулері сұралады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Жөндеу барысы туралы қосымша ақпарат елорда әкімдігінің ресми ресурстарында беріледі.
Дереккөз: gov.kz



