Басты жаңалықтарБілімҚоғам

Мейрамханаларда мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды – Үкімет отырысы

— Алдағы уақытта — 29 мамыр мен 15 маусым аралығында 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды аттестаттауы өтеді. Емтихандардың ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында материалдар білім беру ұйымдарына тікелей емтихан күні жолданады, — деді Ж. Сүлейменова.

Сонымен қатар ол 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусым күндеріне жоспарланғанын айтты. Іс-шараларды тек білім беру ұйымдарының базасында өткізу тапсырылды.

— Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені ішкі істер органдарымен бірлесіп қатаң бақылауда ұстауы өзекті, — деді министр.

Айта кетейік, 25 мамырда ел мектептерінде 2025-2026 оқу жылы аяқталды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button