Бұл мереке – ұлт руханиятын дамыту жолында еңбек етіп жүрген мәдениет және өнер саласы мамандарына көрсетілетін зор құрметтің белгісі.
Өнер мен мәдениет – елдің рухани айнасы. Театр мен сахнада, кітапхана мен музейде, мәдениет ошақтары мен шығармашылық ұжымдарда қызмет етіп жүрген әрбір маманның еңбегі қоғам үшін аса маңызды. Сіздер ұлттық өнердің өркендеуіне, жас ұрпақтың тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!



