Білім

XIX Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңіне 3 626 оқушы қатысуда

Қазақстан өңірлерінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIX Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтіп жатыр. Биыл осы кезеңде лицейлердің, гимназиялардың және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 3 626 оқушысы бақ сынауда.

Олимпиадаға 11 (12)-сынып оқушылары қатыса алады. Басты шарт: олар бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған болуы керек.

Президенттік олимпиада үш кезеңнен тұрады:

  1. бірінші кезең — өңірлік;
  2. екінші кезең — іріктеу;
  3. үшінші кезең — республикалық.

Қатысушылар олимпиаданың барлық кезеңінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырма орындайды.

Өңірлік кезеңнің қорытындысымен іріктеу кезеңіне облыстардан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «НЗМ» ДББҰ-дан 20 оқушыға дейін өтуге мүмкіндік алады. Республикалық білім беру ұйымдарынан 8 оқушыға дейін қатыса алады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button