Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

Елордалық құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу шараларын еске салды

Астанада балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыс жүріп жатыр. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, тұрғындар арасында тұрақты түрде түсіндіру рейдтерін өткізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері елордада 250-ден астам профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында тұрғындарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар қамтылған 4 500-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.

Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және кішкентай балалары бар жанұяларға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Оларға терезелерге арналған 1 400-ден астам қауіпсіздік бекіткіші тегін орнатылды.

Профилактикалық іс-шаралар барысында мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, москит торына сенбеу, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату және терезе маңына жиһаз қоймау қажеттігін еске салады.

Құтқарушылар қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік беретінін, ал балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің мұқияттылығы мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button