Басты жаңалықтарҚоғам
Trending
Астанада Ж.Нәжімеденов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Ж.Нәжімеденов көшесінің А 52 көшесінен С. Шәймерденов көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 19-23 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Şjk



