Астанадағы Нұра ауданында Айтматов көшесінің бойында салынып жатқан нысан аумағында мұнаралы кран кабинасы өртенді. Бұл туралы Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
«Оқиға орнына елордалық гарнизонның күштері мен құралдары жедел жіберілді. Алғашқы бөлімшелер келген кезде мұнаралы кран кабинасы жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілер өртті қысқа уақыт ішінде жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады министрлік баспасөз қызметі.
Bu gönderiyi Instagram’da gör



