Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 19 қарашада Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz порталы.
Министрдің мәліметінше, республикада жыл сайын 3–4 миллион ЖРВИ жағдайы және 2 мыңға дейін тұмау тіркеледі.
«Биылғы эпидемиологиялық маусымның басынан бері елде 1 461 819 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Өткен 2024–2025 эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 20% азаю байқалады. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 963 847 жағдай тіркелген. Соңғы аптада республикада 183 074 ЖРВИ жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның сәйкес аптасына қарағанда 16% көбейген», – деді Әлназарова.
Министр сондай-ақ «Гонконг тұмауының» жай-күйін айтты.
«Эпидемиологиялық маусым басталғалы 590 зертханалық расталған тұмау жағдайы тіркелді, оның ішінде А типі (H3N2) – 587, А типі (H1N1) – 3 жағдай. Биылғы жылы тұмау 41-аптада, яғни қазан айының бірінші жартысында анықталды, бұл өткен маусымға қарағанда сәл ерте. Қазақстан аумағында бұрын айналымда болмаған жаңа тұмау түрлері анықталған жоқ», – деді министр.
Бұған дейін біз Астанада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы хабарланған еді.



