Басты жаңалықтарТуризм
Trending

Анталия – сериал арқылы әлемді бағындыруға дайын

Түркия Жерорта теңізі жағалауындағы Анталияның әлеуетін әлемге жаңа қырынан таныстыру үшін «Antalya Gambit» атты алғашқы түпнұсқа мини-сериалын шығарды, деп хабарлайды AstanaNews.kz.

Он бөлімнен тұратын, әрқайсысы екі минуттық эпизодтардан құралған сериалдың тұсаукесері 7 маусымда GoTürkiye ресми YouTube арнасында өтті. Сериал Анталияның әсем жағалауларында өрбитін құпияға толы оқиғалар мен романтикалық желіні шебер үйлестіреді.

Басты рөлдерде танымал түрік актерлері Мерьем Узерли («Ғаламат ғасыр») және Каан Урганжиоғлу («Қара махаббат») ойнайды. Олар сомдаған Лара мен Дениз есімді кейіпкерлер қымбат курортта кездейсоқ танысып, кейін өнер туындыларына арналған қауіпті аукцион төңірегінде бір-біріне сенім мен күмән арасында күрделі ойын жүргізеді.

Каан Урганжиоғлу және Мерьем Узерли

Айта кетейік, “Antalya Gambit” атты мини-сериал Түркияның туризм саласын жарнамалаудың шығармашылық тәсілі ретінде ұсынылып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button