Қоғам

Батыс Қазақстанда 221 келіден астам марихуана тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты екі деректі анықтады. Орал қаласында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Көп мөлшерде марихуана тәркіленген

Бірінші жағдайда 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оның үйінің ауласынан екі үлкен қорап табылып, ішінде өсімдік тектес зат салынған 12 полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама нәтижесі бұл заттың кептірілген марихуана екенін көрсетті. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 198 келі 16 грамм болды.

Екінші деректе, 45 жастағы Орал тұрғынының пәтерін тінту кезінде 23 келі кептірілген марихуана анықталды.

Қылмыстық іс қозғалды

Екі дерек бойынша барлығы 221 келіден астам марихуана тәркіленді. Бұл фактілерге байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта есірткінің шығу тегі мен жеткізілу арналары анықталуда.

Өңірде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жалғасып жатыр.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button