Шымкентте кітап оқу мәдениетін арттыру жолдары қаралды
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Зерделі ұлт – зерек оқырман» жобасы аясында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Бұл шара Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Ұлттық кітапханасының өкілдері, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, «Кітап оқитын ұлт» жобасының мүшелері, сонымен қатар ақын-жазушылар мен баспа саласының мамандары қатысты.
Кітап оқу мәдениетін ілгерілету шаралары
Жиын барысында «Кітап оқитын ұлт» жобасының жүзеге асу барысы таныстырылды. Қатысушылар «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын енгізу жолдарын, кітап оқуды насихаттау бағыттарын және кітапқа тұрақты қызығушылық қалыптастыруда кітапханалардың маңызын сөз етті.
Жастарды кітап оқуға тарту мәселелері
Кездесуде жастардың кітап оқуға ынтасын арттыру, оқырман қауымдастықтарын құру және кітапханалар арасында тәжірибе алмасу мәселелері де қаралды.
Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.
Дереккөз: gov.kz



