Сауда және интеграция министрлігінде құқықтық мәдениет пен сыни ойлау бойынша вебинар өтті
2026 жылғы 30 қазанда Qosyl онлайн платформасында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің орталық аппараты, комитеттері мен өңірлік бөлімшелері үшін «Сыни ойлау құқықтық мәдениеттің элементі ретінде» атты вебинар өтті.
Вебинарда спикер ретінде Сот төрелігі академиясының профессоры, философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Қайыржанұлы Бурбаев баяндама жасады. Ол құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңдылық қағидаларын сақтау және құқықтық нигилизмнің алдын алу мәселелерін сөз етті. Сонымен қатар, құқықтық ақпаратты сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту жайы талқыланды.
Іс-шарада цифрлық сауаттылықты арттыру, дербес деректерді қорғау, жалған ақпарат пен цифрлық алаяқтыққа қарсы шаралар, сондай-ақ кәсіби қызметте жасанды интеллектіні жауапты пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болды. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысында сыни ойлаудың маңызы, ақпараттың дұрыстығын тексеру, заңнаманы дұрыс қолдану және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы шешім қабылдау қажеттілігі атап өтілді.
Вебинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін және кәсіби құзыреттілігін арттыру, ақпаратты объективті талдау мен заңнамаға сай негізделген шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Дереккөз: gov.kz



