Басты жаңалықтар

Астанада 446 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Астанада бүгін, таңертеңнен бастап, 446 сайлау учаскесі жұмысқа кірісті. Қала тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысып жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Барлық сайлау учаскелерінде азаматтардың, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар адамдардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтарға да тұрғылықты жерінде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

Сайлау учаскесін анықтау жолдары

Әр тұрғын өзіне тиесілі сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен анықтай алады:

  • sailau.astana.kz ресми сайты арқылы;
  • «Сайлау Астана» Telegram чат-боты арқылы;
  • 109 нөміріне хабарласып, iKomek бірыңғай байланыс орталығынан білуге болады.

Қоғамдық көлікпен тегін жүру мүмкіндігі

Бүгін Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобустарда жол жүру тегін. Бұл шара тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз баруына мүмкіндік беруді көздейді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button