Басты жаңалықтар

Астанада мәслихат сайлауына алғашқы дауыс берушілер тіркелді

29 қарашада елордада мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Астана әкімдігінің мәліметінше, дауыс беру учаскелерінде алғашқы сайлаушылар тіркелді. Учаскелік комиссиялар азаматтардың құжаттарын тексеріп, бюллетеньдер таратып жатыр.

Астанада 446 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Қалада барлығы 446 сайлау учаскесі ашылды. Әр учаскеде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға да ыңғайлы жағдай жасалған. Денсаулығына байланысты келе алмайтын тұрғындар өз үйлерінде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесін анықтау жолдары

Өз сайлау учаскеңізді sailau.astana.kz сайтынан, «Сайлау Астана» Telegram-ботынан немесе iKomek байланыс орталығының 109 нөміріне хабарласып білуге болады.

Қалада қоғамдық көлік тегін жүреді

Бүгін, 29 қараша күні сағат 23:00-ге дейін Астана тұрғындары мен қонақтары Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігімен, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңы автобустарымен тегін жүре алады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button