Басты жаңалықтар

Астанада «Менің Қазақстаным» челленджі Республика күніне орай өтіп жатыр

Астанада Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным» челленджі басталды. Бұл бастама әлеуметтік желілерде жүзеге асырылып, елордалықтарды ортақ мақсатқа біріктірді. Мәдениет қайраткерлері, шығармашылық және спорт саласының өкілдері, оқушылар мен жастар, сондай-ақ қала тұрғындары белсенділік танытып отыр.

Челленджге қатысушылар өздерінің бейнероликтерін жариялап, Республика күнімен құттықтауларын жеткізуде. Олар Отанға деген сүйіспеншілігі мен елдің дамуына қосатын үлесі туралы ойларымен бөлісіп жатыр. Әртүрлі буын мен сала өкілдері мерекелік көңіл-күйге үлес қосуда.

«Менің Қазақстаным» челленджі Республика күнін мерекелеу аясындағы маңызды патриоттық бастамалардың біріне айналды. Негізгі мақсаты — азаматтық сана қалыптастыру, патриоттық рухты көтеру және мемлекеттік рәміздер мен ұлттық мұраға құрметті арттыру.

Айта кетейік, Республика күніне орай Астанада мәдени, қоғамдық, спорттық, білім беру және патриоттық бағытта 120-дан астам іс-шара өтуде.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button