Басты жаңалықтар

Астанада WORKOUT WINTER тегін спорт жаттығулары басталады

Астанада 1-31 желтоқсан аралығында WORKOUT WINTER спорт жобасы басталады. Жоба бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қала тұрғындарының дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасауға бағытталған.

Тегін жаттығу кімдерге арналған

Жобаға 15 жастан асқан барлық елорда тұрғындары тегін қатыса алады. Жаттығулар воркаут және жалпы дене дайындығы бағытында кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен жүргізіледі.

Жаттығу залдары мен кестесі

Жаттығулар Underground Big желісінің фитнес-клубтарында өтеді. Қатысушылар өздеріне ыңғайлы уақыт пен залды таңдай алады. Кесте келесідей:

  • Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма – сағат 13:00-14:00
  • Сейсенбі, бейсенбі, сенбі – сағат 20:30-21:30

Спорт залдарының мекенжайлары:

  • Сарайшық ауданы – Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 16
  • Алматы ауданы – Бейімбет Майлин көшесі, 6Б
  • Нұра ауданы – Қайым Мұхамедханов көшесі, 25
  • Нұра ауданы – Тұран даңғылы, 60

Қатысу шарттары мен тіркелу тәртібі

Жаттығуға қатысу үшін алдын ала онлайн тіркеліп, орын брондау қажет. Абонемент сатып алу немесе қосымша төлем жасалмайды. Тіркелу мәселелері бойынша +7 708 055 87 08 және +7 708 388 00 01 телефондарына хабарласуға болады.

Жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button