Қоғам

Қазақстан мен Ресей автотасымал саласындағы әріптестікті кеңейтуде

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Мәскеуде Ресейдің Көлік министрлігі мен Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары қауымдастығы (АСМАП) басшыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында халықаралық автомобиль тасымалдарын жетілдіру, рұқсат беру жүйесін оңтайландыру және саладағы әріптестікті нығайту мәселелері қаралды.

Халықаралық тасымалдаушылардың өзекті мәселелері

АСМАП өкілдерімен өткен кездесуде қос елдің автотасымалдаушыларына ортақ проблемалық жайттар мен оларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, салалық қауымдастықтардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жайы сөз болды.

2027 жылға рұқсат алмасу көлемі келісілді

Келіссөз қорытындысында тараптар тасымалдаушылардың сұранысына сәйкес 2027 жылға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу көлемін алдын ала мақұлдады. Бұдан бөлек, 2026 жылға қосымша рұқсат алмасу туралы да келісімге қол жеткізілді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button