Қоғам

Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысы 26 тамызда ішінара жабылады

26 тамызда Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысына жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы себепті аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жолдағы уақытша өзгерістерді ескерулері сұралады. Қауіпсіздік пен қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button