Саясат

Қазақстан мен Ресей БҰҰ аясындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін БҰҰ-ның су ресурстары жөніндегі алдағы конференциясына дайындықты талқылады.

Әсіресе, Қазақстанның БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ілгерілетуге ерекше назар аударылды. Осы байланыста екі елдің БҰҰ-ның тиісті алаңдарындағы тығыз өзара іс-қимылының маңызы атап өтілді. Сонымен қатар, аймақтық құрылымдар мен екіжақты байланыстар шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігі айтылды.

Тараптар жасанды интеллект технологияларын реттеу және пайдалану бойынша жаһандық бастамалар және АҚШ-та өтетін Үлкен жиырмалық (G20) саммитінің күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында тараптар көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, ведомстволық өзара іс-қимылды жандандыруға және қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға мүдделілік білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button