Қоғам

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясында өңірлерде оқушыларға қауіпсіздік сабақтары өтуде

Қазақстанда «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясының төртінші күні «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен жалғасуда. Іс-шара аясында құтқарушылар мектеп оқушыларына қауіпсіздік мәдениетін үйретуге, өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керегін түсіндіруге бағытталған сабақтар өткізді.

27 мыңнан астам оқушы мен педагог қамтылды

Профилактикалық акцияға еліміздің барлық өңірінен 565 білім беру ұйымы қатысты. 27 мыңнан астам бала, педагог және қызметкер түрлі шараларға тартылды. Құтқарушылар 407 қауіпсіздік сабағын, интерактивті ойындар мен 342 практикалық эвакуациялық жаттығу ұйымдастырды.

Өрт кезіндегі іс-әрекет және алғашқы көмек дағдылары

Сабақ барысында оқушыларға өрт кезінде қалай әрекет ету керек екені, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен танысу және шұғыл қызметтерді шақыру тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Бұл бағытқа ерекше назар аударылды.

Тұрғын үй секторында да түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері тұрғын үйлерде профилактикалық жұмыстарды жалғастырды. 19,5 мыңға жуық үй мен пәтер тексеріліп, 38 мыңға жуық тұрғынға қауіпсіздік туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар 1 016 датчик орнатылды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button