Денсаулық

Қазақстанда медицинада жасанды интеллектті қолдану талаптары енгізіледі

Қазақстанда ауруханалар мен емханаларға барғанда қағаз құжат айналымын қысқарту және медицина саласында жасанды интеллектті қолдануға бірыңғай талаптар енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарына денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру кезінде айтты.

Заң жобасында азаматтарға электронды сервистер арқылы өз денсаулығы жөнінде ақпарат алуға құқық беру, сондай-ақ медициналық араласуға келісімді цифрлық форматта рәсімдеу мүмкіндігін енгізу ұсынылған. Сонымен қатар, пациенттердің қауіпсіздігіне басымдық бере отырып, медицинада жасанды интеллектті қолданудың негізгі қағидалары анықталмақ.

Жасанды интеллект дәрігерлерге көмекші құрал ретінде қолданылады, алайда диагноз қою және ем тағайындау шешімін қабылдау құқығы тек медицина маманының құзырында қалады. Сондай-ақ, заң жобасында медицина қызметкерлерінің енгізген деректерінің дұрыстығына жауапкершілігі, медициналық дербес деректерді қорғау шаралары және құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіру ұсынылады.

Бұл өзгерістер цифрлық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, қағазбастылықты азайтуға, пациенттердің құқықтарын қорғауға және халық үшін медициналық көмекті қолайлы етуге бағытталған.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button