Мәдениет

Ташкентте Қазақстан киносының күндері ұйымдастырылды

Ташкентте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған Қазақстан киносының күндері ұйымдастырылды. Бұл шара Өзбекстанның Ұлттық кино өнері сарайында өтті.

Бағдарлама аясында көрермендерге «Қайтадан», «Ерекше», «Моя большая казахская семья», «Жабайы», «Алтын адам» және «Әміре» фильмдері ұсынылды. «Ерекше» фильмінің көрсетіліміне Өзбекстанның бочча командасының мүшелері мен Ташкенттегі спорт мектебінің оқушылары қатысты.

Іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі, «Қазақфильм» киностудиясы, Kinopark Theatres, Tiger Films және Dala Edge компанияларының өкілдері, сондай-ақ екі елдің кино саласының мамандары келді. Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан кинематографистері ұлттық киноны дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан киносының күндері мәдени ынтымақтастықты нығайтып, шығармашылық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ қазақстандық киноны шетелде танытуға мүмкіндік берді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button