Басты жаңалықтар

Астаналық спортшы Итиана Шыңғысханова боччадан әлем кубогында екі күміс медаль ұтып алды

Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен São Paulo 2026 World Boccia Cup жарысында Қазақстан құрамасы командалық есепте күміс медальға қол жеткізді. Ұлттық құрама сапында елордалық параспортшы Итиана Шыңғысханова өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасының нәтижелері

Турнирге әлемнің 26 елінен 90-ға жуық спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде Хорватияны 9:4, Аргентинаны 6:2 есебімен жеңіп, Бразилиямен 8:8 есебімен тең түсті. Жартылай финалда Испания құрамасын 7:5 есебімен ұтып, финалға шықты.

Финалда Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларынан 2:9 есебімен ұтылып, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Итиана Шыңғысханованың жеке жетістігі

Итиана Шыңғысханова осы әлем кубогында жекелей сайыста да күміс медаль алған болатын. Осылайша, Астана өкілі жарысты екі күміс медальмен аяқтады — бірін жекелей, бірін командалық сайыста иеленді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button