Қоғам

Алматы облысында өрт сөндіру бөлімі жаңартылып ашылды

Алматы облысында жаңғыртудан өткен өрт сөндіру бөлімінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен облыс әкімі Шыңғыс Әрінов қатысты. Жөндеу жұмыстары 90 күн ішінде аяқталып, бөлімшенің инфрақұрылымы толық жаңартылды.

Жаңарту аясында қызметтік үй-жайлар мен аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Өрт сөндірушілердің кәсіби және дене даярлығына ерекше көңіл бөлінді. Бөлімде заманауи Batyr Team фитнес залы орнатылып, футбол алаңы салынды. Бұл спорттық инфрақұрылым қызметкерлердің дене дайындығын сақтауға және жаттығу жүргізуге мүмкіндік береді.

Реновация жұмыстарымен танысу барысында министр мен облыс әкімі өрт сөндіру бөлімінің жаңа мүмкіндіктеріне назар аударды. Жаңартылған бөлім қызметкерлерге тиімді еңбек етуге, кезекшілік кезінде және кейін демалуға жағдай жасайды. Бұл бастама Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерді жаңарту және қызметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button