Қоғам
Павлодар облысының ТЖД қызметкері ММА әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкері, BATYR TEAM спорт клубының мүшесі Аида Аблаева ММА-дан өткен «2026 IMMAF World Championships» әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.
Дүниежүзілік жарыс 1-7 қараша күндері Грузияның Тбилиси қаласында ұйымдастырылды. Турнирге 60 елден 850-ден астам спортшы қатысты. Аида Аблаева 18-20 жас аралығындағы қатысушылар арасында 52,2 келіге дейінгі салмақ санатында сынға түсті.
Биыл қазан айында Аида ММА-дан Қазақстан чемпионы атанып, әлем чемпионатына жолдама жеңіп алған болатын.
Дереккөз: gov.kz



