Қоғам

Алматы облысында әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Нұрғиса Тілендиев ауылында жаңа әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды. Бұл нысанның ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен облыс әкімі Шыңғыс Әрінов қатысты.

Жаңа бөлімше бірнеше айда меценаттың қолдауымен салынды. Мұнда шұғыл қызметтер – ерікті өрт сөндіру құрылымдары, жедел медициналық жәрдем бригадасы және учаскелік полиция пункті – бір аумақта орналасқан. Бұл шешім оқиға орын алған жағдайда әрекет ету уақытын қысқартуға және тұрғындарға көмек қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аумақта спортпен шұғылдануға арналған воркаут алаңы бар.

Бөлімше халық саны 20 мыңға жуық тығыз қоныстанған ауылда орналасқан. Оның қызметі көршілес ауылдық округтерді де қамтиды. Ашылу рәсімінде жобаға қолдау көрсеткен азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Алматы облысының басқа елді мекендерінде де осындай әмбебап құтқару бөлімшелерін ашу жоспарланып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті билік және меценаттардың бірлескен жұмысы ауыл тұрғындарына шұғыл көмек көрсету аясын кеңейтпек.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button