Қоғам

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы ұлттық рекорд орнатты

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII әлем чемпионаттарының үшінші жарыс күні аяқталды. Бұл күні қатысушылар «4×100 метрлік өрт эстафетасы» кезеңінде бақ сынады.

Жарыста ұлттық командалар жоғары дайындық пен командалық үйлесімділік көрсетті. Қазақстан әйелдер құрамасы осы эстафетада ұлттық рекорд орнатты. Жаңа рекорд жасаған спортшылар: Аленина Регина, Байтикова Айдана, Реджеметова Ситора және Салмина Валентина.

Әйелдер арасындағы командалық есеп нәтижелері

  • 1-орын — Ресей Федерациясы (59,75 секунд)
  • 2-орын — Өзбекстан Республикасы (61,1 секунд)
  • 3-орын — Беларусь Республикасы (61,68 секунд)
  • 4-орын — Қазақстан Республикасы (61,69 секунд)
  • 5-орын — Германия (70,97 секунд)

Ерлер арасындағы командалық есеп нәтижелері

  • 1-орын — Беларусь Республикасы (55,26 секунд)
  • 2-орын — Қытай Халық Республикасы (56,07 секунд)
  • 3-орын — Ресей Федерациясы (56,21 секунд)
  • 4-орын — Қазақстан Республикасы (57,26 секунд)
  • 5-орын — Моңғолия (61,91 секунд)

Чемпионаттың шешуші кезеңі қашан өтеді

Жарыстар қорытынды кезеңге таяп қалды. Ертең чемпионаттың соңғы жарыс күні өтеді. Бұл күні спортшылар «Жауынгерлік қанат жаю» бойынша сынға түседі. Қорытынды кезеңнен кейін командалардың жалпы есептегі нәтижелері анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button