Басты жаңалықтар
Астанада мәслихат сайлауында учаскеңізді қалай анықтауға болады
Астанада 2026 жылдың 29 қарашасында мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін қазірден бастап анықтай алады. Бұл үшін онлайн сервистер мен iKomek байланыс орталығының көмегі ұсынылады.
Сайлау учаскесін анықтау жолдары
Сайлау күні қиындық болмас үшін азаматтар сайлаушылар тізімінде өз деректерінің бар-жоғын тексеріп, дауыс беретін учаскесінің мекенжайын нақтылай алады. Өз сайлау учаскеңізді төмендегі тәсілдермен білуге мүмкіндік бар:
- sailau.astana.kz ресми сайты арқылы;
- Telegram-дағы «Сайлау Астана» чат-боты арқылы;
- 109 нөміріне хабарласып, iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы.
Сайлау күні қандай құжат қажет
Дауыс беру үшін сайлау учаскесіне жеке басыңызды куәландыратын құжатты алып бару міндетті.
Дереккөз: gov.kz



