Қоғам
Қазақстанда Әскери барлаушы күні атап өтілуде
5 қараша – Қазақстан Қарулы күштеріндегі Әскери барлаушы күні. 1992 жылы дәл осы күні елімізде алғашқы әскери барлау бөлімшесі құрылды.
Әскери барлау бөлімдерінің басты міндеті – елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғаныс қабілетін арттыру. Барлаушылар жинаған мәліметтер уақтылы әрі нақты болуы қажет, себебі бұл ақпараттар жағдайды бағалап, қауіп-қатерлерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Әскери барлаушы мамандығы кәсіби дайындықты, талдау қабілетін және қауіпті жағдайда әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Барлаушылар үшін Отанға адалдық пен әскери борышқа беріктік басты ұстаным саналса, кәсібилік пен жауапкершілік олардың жұмысының негізі болып табылады.
Дереккөз: gov.kz



