Лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңіне 1 000-ға жуық оқушы қатысып жатыр
Қазақстанның барлық өңірінде 8–11(12)-сынып оқушылары арасында лингвистика пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр. Бұл кезеңге аудандық және қалалық деңгейден іріктелген 1 000-ға жуық оқушы қатысты. Алғашқы кезеңде 9 мыңнан астам оқушы бақ сынаған еді.
Олимпиаданың мақсаты мен тапсырмалары
Зияткерлік сайыс оқушылардың логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Олимпиадада қатысушылар тілдік құрылымдарды талдайды, тілдік құбылыстарды салыстырады әрі логикалық пайымдау арқылы қорытынды жасайды. Бұл тапсырмалар стандарттан тыс шешім қабылдау мен тілдік заңдылықтарды анықтау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
Республикалық кезең қашан өтеді
Облыстық кезеңнен үздік шыққан оқушылар өз өңірінің намысын республикалық кезеңде қорғайды. Республикалық деңгей 2026 жылдың 30 қарашасында өтеді. Әр өңір мен ұйымды облыстық кезеңде ең жоғары ұпай жинаған үш оқушыдан құралған команда таныстырады.
Дереккөз: gov.kz


