Қоғам

Пеш пен мұржа қауіпсіздігі: жылыту маусымында негізгі ережелер

Жылыту маусымы басталғанда пеш пен мұржаның қауіпсіздігіне ерекше мән беру керек. Құрылғылардың ақауы немесе бөлменің жеткілікті желдетілмеуі өрт немесе улы газбен улану қаупін туғызады.

Пешті қауіпсіз пайдалану үшін не істеу керек

  • Пеш пен мұржаның ақаусыз, жарамды екенін тексеріңіз.
  • Түтін шығатын жолдардың бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
  • Үй-жайдың үнемі дұрыс желдетілуін бақылаңыз.
  • Улы газды анықтайтын датчик орнатыңыз.
  • Пешті қараусыз қалдырмаңыз, жанғыш заттарды маңында сақтамаңыз.

Улы газ датчигінің маңызы

Улы газ датчигі орнатылса, отбасы мүшелерінің өміріне төнетін қатердің алдын алуға болады. Бір датчиктің өзі адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button