Қоғам
ІІМ 4 млрд теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдіктіні ұстады
Астана полициясы халықаралық іздеуде болған 45 жастағы ер адамды Шымкент қаласында ұстады. Ер адамға 4 млрд теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иеленді деген айып тағылды.
Көпқабатты тұрғын үй құрылысына қаржы тарту бойынша алаяқтық жасалған
Тергеу барысында күдікті бірнеше адаммен бірігіп, тұрғындардың сеніміне кіріп, Астанада көпқабатты үй кешенін салуға қаржы жинағаны анықталды. Алайда құрылыс үшін қажетті рұқсат құжаттары мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмаған. Осы істен 292 үлескер зардап шеккен.
Күдікті ұзақ уақыт бойы жасырынып жүрген
Полицияның мәліметінше, ер адам Шымкентте ұзақ уақыт бойы жасырынып, ізін жасыру үшін жалдамалы пәтерлерін жиі ауыстырып отырған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дереккөз: gov.kz



