Спорт

Қарағанды мен Степногорскіде Қазақ ұлттық хореография академиясының гала-концерттері өтті

Қарағанды мен Степногорск қалаларында Қазақ ұлттық хореография академиясының 10 жылдығы мен Республика күніне орай гала-концерттер өтті. Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Академия оқушылары Қарағандыдағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Студенттер сарайында және Степногорск қаласындағы «Горняк» орталық мәдениет сарайында өнер көрсетті.

Концерт бағдарламасына отандық және шетелдік хореографтардың туындылары, ұлттық би, заманауи хореография және спорттық бал биі енді. Гастрольдік бағдарлама жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, аймақ тұрғындарына академия шәкірттерінің өнерін тамашалауға мүмкіндік берді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button