«KIDS RUN»: Астанада балаларға арналған бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

Астана қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында балалар арасында «KIDS RUN» бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара 4 шілде күні қаланың Орталық саябағындағы Шаңғы-роллер трассасында ұйымдастырылады. Оның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалар арасында бұқаралық спортты дамыту және жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға ынталандыру.
Жарысқа 6-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Қатысушылар 300 метр, 500 метр және 1 шақырым қашықтықтарында бақ сынайтын болады. Қатысушылар саны шектеулі – 1000 адам.
Басталу уақыты: 09:00. Онлайн тіркелу 1 шілде күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталады.
Айта кетейік, қатысушылар саны белгіленген лимитке (1000) адамға жеткеннен кейін тіркелу автоматты түрде жабылады.
Тіркелген қатысушыларға білезіктерді тарату іс-шара өтетін күні сағат 07:00 ден 08:30-ға дейін өтеді.
Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырады.



