Түркі мемлекеттері ұйымы әділет министрлерінің үшінші отырысы Ыстанбұлда өтті
Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымы әділет министрлерінің үшінші отырысы өтті. Оған Қазақстан атынан Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова қатысты. Жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның әділет ведомстволарының басшылары мен Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы да келді.
Отырыста тараптар 2024 жылғы 9 қыркүйектегі Астана декларациясының ережелерін жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Ерекше назар әділет органдары қызметін цифрландыруға аударылды.
Өз сөзінде вице-министр Қазақстанда әділетті әрі орнықты мемлекет құруға бағытталған ауқымды саяси-құқықтық реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол Әділет министрлігі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Отырыс қорытындысымен тараптар Бірлескен коммюникеге қол қойып, кезекті отырысты 2027 жылы Қырғызстанда өткізуге келісті.
Дереккөз: gov.kz



