«Дала дәмі» жәрмеңкелері Қазақстанда үшінші апта қатарынан өтіп жатыр
Қазақстанда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері үшінші апта қатарынан өтіп жатыр. Шараны Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған, отандық фермерлер өнімін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға ұсынады.
«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне қанша өнім шығарылды
Осы аптада республика бойынша жәрмеңкелерге 7 568 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астанада 400 тоннадан астам өнім сатылады.
Осы демалыс күндері елордада Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының шаруалары өнімдерін таныстырады.
Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан қаншалықты арзан
Өткен аптада бірқатар тауар нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатылды. Ет өнімдеріне сұраныс жоғары болды.
Ет бағасының мысалдары:
- Астанада сиыр және жылқы етінің келісі — 3 500 теңге.
- Қостанайда сиыр еті — 3 200–3 500 теңге.
- Қостанайда жылқы және қой еті — 3 000 теңгеден басталды.
Жәрмеңкеде қандай өнім сатылады
Сауда орындарында ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, балық, дәнді дақылдар және басқа да отандық тауарлар бар.
«Дала дәмінің» басты ерекшелігі — фермерлер өнімін өзі сатады. Сауда орындары жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тегін беріледі.
Жәрмеңкелер еліміздің барлық өңірінде әр демалыс сайын жалғасады.
Дереккөз: gov.kz



